Құрметті үй жануарларының иелері!
Алматы қаласы аумағының эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету және жануарларды аурулардан қорғау, сондай-ақ халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында "Ветеринария туралы" Қазақстан Республика Занының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар:
- Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;
- ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларын уақтылы вакцинациялау және диагностикалау.
Қазақстан Республикасы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»
Заңының 21-бабына сәйкес жануардың иесі немесе жауапты адам:
- ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың, ветеринариялық және гигиеналық нормативтердің талаптарын сақтауға;
- үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес үй жануарларын есепке алуды жүргізуге;
- басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзбай, үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды жүзеге асыруға;
- адамның және (немесе) жануардың өмірі мен саулығына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне үй жануарының зиян келтіруін болғызбау үшін қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға;
- үй жануарына Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңнамасына сәйкес ветеринариялық көмектің уақтылы көрсетілуін және профилактикалық ветеринариялық іс-шаралардың, оның ішінде вакциналаудың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге.
Жануарлар иелерінің назарына!
Соңғы 3 жылда қала аумағында құтыру ошағының жоқтығын және инфекциялық аурулар бойынша қолайлы эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының" ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК - нің ветеринариялық мамандары үй жануарларын құтыруға қарсы тегін вакцинациялау 2025 жылы жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сіздің үй жануарларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екенін еске саламыз. Жануарлардың иелері үй жануарларын (адамдар мен жануарлармен ортақ) аса қауіпті ауруларға уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес айыппұл салу түріндегі әкімшілік ықпал ету шаралары көзделгенін хабарлаймыз:
- 406-бап бойынша ҚР ветеринариялық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін;
- 407-2-бап бойынша үй жануарларын ұстауға және серуендетуге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзғаны үшін.
Кәсіпорынның қала аумағындағы жоспарлы ветеринариялық іс-шараларынан хабардар болу үшін біздің Almatyvet.kz Instagram парақшамызға тіркеліп, 8 (7273) 396843 телефоны, электрондық пошта
арқылы хабарласып біле аласыз.