Бүгін ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК ұжымында Ветеринариялық қызметкерлер күніне арналған жиын өтті.
Іс-шара барысында ветеринария саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін бірқатар қызметкерлер Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Мұхтарұлы Смағұловтың және Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Батырбекұлы Отыншиевтің алғыс хаттарымен марапатталды.
Ветеринария – жануарлар денсаулығын қорғап қана қоймай, халықтың санитариялық және эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аса маңызды сала. Бұл – үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты талап ететін абыройлы мамандық.
Барша ветеринария саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!





