РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 info@almatyvet.gov.kz
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК-да алдағы референдумға байланысты ақпараттық кездесу өтті

ШЖҚ «Алматы ветеринариялық қызметі» КМК - да
(бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын басшысы Қ.К. Кәкен қызметкерлерге алдағы республикалық референдумға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге алдағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаның маңыздылығы, референдум өткізу тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруге қатысу құқықтары туралы ақпарат берілді.

Азаматтық жауапкершілік, қолданыстағы заңнаманы сақтау және әрбір азаматтың белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қызметкерлерге референдумды ұйымдастырудың негізгі тәртіптері түсіндіріліп, сондай-ақ дауыс беруге қатысу арқылы өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі туралы еске салынды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғалар туралы хабардар етуге бағытталған.