2026 жылға арналған Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК басшысының 2026 жылғы 08 қаңтарда бекітілген (бұдан әрі – Кәсіпорын) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-бағдарламасын орындау шеңберінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Кәсіпорын қызметкерлері үшін семинар өткізілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі ережелері, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы жаңашылдықтар түсіндірілді, сондай-ақ Қоғамның және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Ерекше назар қызметтік міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді атқару барысында ашықтық, адалдық және есептілік қағидаттарын сақтау мәселелеріне аударылды.
Сонымен қатар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілікке қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған немесе туындаған жағдайда қызметкерлердің әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және Кәсіпорын қызметінде адалдық мәдениетін нығайту жөнінде ұсынымдар берілді.





