РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 info@almatyvet.gov.kz
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

Таза Казахстан

ШЖҚ «Алматы ветеринариялық қызметі» КМК ветеринария мамандары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағымдағы жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Ақсай ауылдық округі, 410-учаске мекенжайында орналасқан мал қорымының аумағында сенбілік өткізді. Ветеринария мамандары қыс бойы жиналған қоқысты жинап, аумақты құрғақ бұтақтар мен шырпылардан тазартты, жиектастарды тегістеп, әктеді, сондай-ақ ветеринариялық зертхана мен отын бөлмесінде ағымдағы жинау жұмыстарын жүргізді. Мұндай сенбіліктер ұжымды жақындастырып, қоғамға пайдалы іске атсалысу сезімін ұялатады. Оның үстіне, қолайлы ауа райы сенбілікке қатысушылардың барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.