РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 gorvet_sluzhba@mail.ru
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы ветеринарлық қызметі" КМК
Ресми интернет-ресурс

Кәсіпорын туралы

«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар  басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны  Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы»  Заңының 11 бабына сай,  Алматы қаласы әкімдігінің 09.12.2020 жылғы  №4/560 қаулысына сәйкес құрылған. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Кәсіпорынның заңды мекен жайы: Төле Би көшесі, 155 үй.

Ауланған қараусыз және қаңғыбас жануарларды  уақытша ұстау пункітінің мекен жайы: Спасская 150/1.

Кәсіпорынның негізгі қызметтері:

  • жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
  • жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
  • құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарды ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
  • ветеринариялық анықтама беру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
  • ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
  • қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
  • биологиялық материалдың сынамасын жинау және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру.