РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 gorvet_sluzhba@mail.ru
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

Ұлттық ауыл шаруашылығы жануарларын санау науқаны басталды!

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде ауыл шаруашылығы жануарларын ұлттық санағы жүргізілуде. Осыған байланысты Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК басшысы Қ. Кәкеннің төрағалығымен ветеринария саласы мамандарының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиналыс барысында мамандарға ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу және санаққа белсенді түрде қатысу тапсырылды.

Санақ – жануарларды есепке алып, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды қадамы.

Барша мал иелерін санаққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!