РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 gorvet_sluzhba@mail.ru
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы ветеринарлық қызметі" КМК
Ресми интернет-ресурс

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының Алматы қаласына жұмыс сапары

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қазбек Қазиханұлы Ташимов Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Мұрат Курлысович Командировпен бірге Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринариялық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына келді.

Кездесу барысында ветеринариялық қызметтің күнделікті жұмысы, атқарылып жатқан іс-шаралар, сонымен қатар ветеринария саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Тараптар ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарлар ауруларының алдын алу, індеттерге қарсы күрес және осы саладағы кадрлық әлеуетті арттыру мәселелеріне баса назар аударды.

Сапар қорытындысы бойынша, ветеринарналық перепараттардың сақталуы және тасымалдануы бойынша нақты тапсырма берілді, ветеринариялық қызметті жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.