РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 info@almatyvet.gov.kz
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы ветеринарлық қызметі» КМК
Ресми интернет-ресурс

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде дәріс өткізу

«Алматы ветеринарлық қызметі» ветеринария бөлімі басшысы студенттерге дәріс оқыды.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Ветеринария және зооинженерия» факультетінің 5-курс студенттеріне «Алматы ветеринарлық қызметі» ветеринария бөлімінің басшысы Кәрімов Жомарт Әуесханұлы «Ветеринариялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы, сондай-ақ саланы реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, қағидалар мен ережелер талқыланды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ мамандардың ветеринария саласына деген қызығушылығын арттыру, ветеринариялық қызметтің мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастыру принциптері мен бағыттарын кеңінен таныстыру болды.

Осындай кездесулер студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және сала мамандарының тәжірибесінен тағылым алуға мүмкіндік береді.