РК, г.Алматы, Торетай 30А 8 (727) 338-27-59 gorvet_sluzhba@mail.ru
Алматы қаласы әкімдігінің Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы ветеринарлық қызметі" КМК
Ресми интернет-ресурс

Ветеринария бөлімінің 2025 жылғы 1 тоқсандағы атқарылған жұмысы туралы ақпараты

Жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша Алматы қаласы эпизоотиялық жағдай тұрақты түрде.

2025 жылға бекітлген жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау іс шараларды орындау үшін ветеринария бөлімінің ветеринар мамандары ағымдағы жылдың                1 тоқсанында жоспарына сай мынадай іс шаралар өткізді:

  1. Вакцинациялау:

- аусылға қарсы - 1820 бас ІҚМ, 1300 бас ұсақ мал, шошқа – 200

бас;

- сібір жарасына - 100 бас жылқы;

- түйе обасына қарсы - 21 бас түйе.

         2. Туберкулезга аллергиялық зерттеу - 1200 бас ІҚМ, 200 бас шошқаға, 21 бас түйеге жүргізілді.

         3. Қанның сары суы диагностикалық зертеуден

         - бруцеллезге 400 бас ІҚМ, 150 бас ұсақ мал, 150 бас еткөректлер

         - еткоректілер обасына - 150 бас өтті.

Ветеринариялық зертхананың зертханалық қорытындысының сараптама актілері бойынша нәтижелері теріс.

         Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап 2 бригада тәулік бойы қараусыз және қаңғыбас жануарларға жедел ветеринариялық көмек қызметің көрсетуде.

Қызметтің негізгі мақсаты - шұғыл ветеринариялық көмекті қажет ететін күрделі жағдайларға жедел ден қою, сондай-ақ зардап шеккен жануарларды ветеринариялық клиникаларға тасымалдау.

1 тоқсанда 33 ит 11 мысық, 1 есек және 2 елік ветеринарлық көмек алды.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық анықтама беру бойынша, 1 тоқсанда 1672 дана ветеринариялық анықтама берілді, оның ішінде заңды тұлғаларға 834, жеке тұлғаларға 838, оның ішінде №1- 841 нысандар, № 2 - 825 нысандар, № 3 - 6 нысандарға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері, көзделмеген құжаттарды талап ету анықталған жоқ.

Тістеу фактілері бойынша алғашқы медициналық көмектің шұғыл хабарламаларына сәйкес, құтыру белгілерін анықтау үшін 116 бас жануар бақылауға алынды. 115 анықтама берілді. Құтыру белгілері бар жануарлар анықталған жоқ.