Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Алматы ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны аумағында ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамын атап өтуге арналған іс-шара өтті.
Аталған іс-шараға қала мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Алматы қаласы бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының өкілдері және Кәсіпорын қызметкерлерінің отбасы мүшелері шақырылды. Салтанатты шара Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының орынбасары Е. Н. Омаров пен Кәсіпорын басшысы Қ. К. Кәкеннің бастауымен ашылды. Қалалық мәслихат аппаратының басшысы
М. Рахметов, қалалық мәслихат депутаты Е. Баккарасова, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы М. Командиров құттықтау сөздерін сөйледі.
Сонымен қатар, киіз үй тігіліп, ұлттық тағамдармен ақ дастархан жайылып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қой көтеру», «Арқан тарту», «Ләңгі», «Асық ату» атты ұлттық спорт ойындары, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақтың тазы тұқымды иттерінің ұлттық байлығын сақтау және дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында, осы тұқымдардың асыл тұқымды иттерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Мерекелік және спорттық іс-шаралардың жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталды.