Телефон: 8 (727) 339-68-36
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары

Үйсіз жануарлардың санын ізгілікпен реттеу мақсатында ШЖҚ  «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК ауланған иттер мен мысықтарды асырап алу бағдарламасын пайдалануды ұсынады

Сіз біздің қызметімізге хабарласып, үй жануарын ала аласыз. Бұл ретте, сізге құтырма ауруына қарсы екпе, дегельминтизация, чиптеу қызметтері, сондай-ақ ветеринариялық паспортты ресімдеу қызметтері өтеусіз негізде ұсынылатын болады.

Сондай-ақ, Кәсіпорын 2021 жылдың 20 қарашасына дейін адопция бағдарламасы бойынша уақытша ұстау изоляторынан  алынған иттерді қаланың келесі ветеринарлық клиникаларында тегін зарарсыздандыруға және піштіруге квота береді:

Ескертпе: квоталар саны шектеулі және 20.11.2021 жылға дейін жарамды. Адопция бағдарламасы бойынша берілген жануарларға ғана таратылады.

Толық ақпаратты ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК ветеринарлық дәрігерлерінен ала аласыз.

Иттер мен мысықтарды тегін зарарсыздандыруға және піштіруге арналған ветеринариялық емханалардың мекенжайлары

«ЦВМ»

Ветеринариялықемханасы

мекенжайы: Жамақаев көшесі, 32 үй

телефоны: 8 (727) 313-13-28

«ЦВМ»

Ветеринариялықемханасы

мекенжайы: Мамыр-4 шағынауданы, 111 үй

телефоны: 8(727)313-13-21

 

«Mastino»

Ветеринариялықемханасы

 

мекенжайы:Есенберлин көшесі, 217

телефоны: 8(727)327-44-88, 8(707)327-44-88

 

«Allvet»

Ветеринариялықемханасы

 

мекенжайы: Төле би көшесі, 279 «Б»

телефоны: 8(727)396-71-73

 

«Айболит»

Ветеринариялықемханасы

 

мекенжайы:Абайдаңғылы, 26

телефоны: 8(708)972‒02‒07

 

«Dog premium»

Ветеринариялықемханасы

 

мекенжайы:​Зимняя көшесі, «Б»

телефоны: 8 (727)354‒33‒23

 

«АлматыВЕТ»

Ветеринариялықемханасы

 

мекенжайы:Жансүгіров көшесі, 311

телефоны: 8 (727)397‒22‒76

 

«ЗооВита»

Ветеринариялықемханасы

 

мекенжайы:8-шішағынауданы, 10 «А»

телефоны: 8 (727)249‒85‒19

08.10.2021
Алматыда 20 мың үй жануарлары бірдейлендіріледі

Іс-шараны «Қалалық ветеринариялық қызмет» мамандары жүргізеді.

Бағдарламаның мақсаты — қаладағы үй жануарларының санын белгілеу, сондай-ақ олар жоғалған, ұрланған немесе аулауға түскен жағдайда, иелеріне жануарларын тауып алуға көмек көрсету.

Сондай-ақ, қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру және олардың санының есебін жүргізу   мәселесін шешуге бағытталған. Олардың пайда болуының негізгі себептері сол күйінде қалып отыр, яғни өз бетінше қыдыруға жіберу, жоғалту және көшеге тастау. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға немесе иесін жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Осы жылы чиптеу аулаларды, әсіресе, жеке аулаларды, оларда үй жануарлары санының аса көп жиналуына қарай, жеке-жеке тексеру әдісімен жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге, қызметті иттің немесе мысықтың кез келген ниеті бар иесі пайдалана алады. Иесінің тек өзімен бірге жеке куәлігі және жануарға берілген төлқұжаты болуы қажет. Төлқұжат болмаған жағдайда, оны сол орында ресімдейді. Жануар және оның иесі туралы барлық ақпарат «Pet Control» электрондық журналына енгізіледі. Бүгінгі күні, аталған бағдарлама қаланың барлық ветеринариялық емханаларында орнатылған.

Тіркеу және чиптеу рәсімінің өзі 10 минуттан артық уақытты алмайды, сондай-ақ оның жануар үшін  мүлдем зияны және ауыртпалығы жоқ. Укол салатын кезде бір рет қана салатын шприцтер пайдаланылады, бұл үдеріс кезінде инфекция түсуден толығымен сақтайды.

Барлық қызықтырған мәселелер бойынша қызметтер немесе кеңестер алу үшін, қала тұрғындары 378-46-62, 269-90-06 нөмірлері бойынша Қалалық Ветеринариялық Қызметке қоңырау шала алады. Тапсырыстар жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Ветеринариялық маманның келуі тексеру жүргізу кестесіне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Чиптеу жануар иесінің қалауы бойынша, өз еркімен келісу негізінде жүргізілетінін қосымша хабарлаймыз. Қала тұрғындарының жұмыс жүргізу кезінде ветеринариялық дәрігерлерге көмек көрсетулерін сұраймыз. Іс-шара қыркүйек айының соңына дейін ұзартылады.

Үй жануарларын чиптеу бағдарламасының Алматы қаласында 2017 жылы іске қосылғанын естеріңізге саламыз. Өткен жылдар ішінде бағдарлама шеңберінде шамамен 125 мың ит пен мысық тегін чиптелді.

 

Анықтама үшін:

 

Чиптеу деген не?

Чиптеу — бұл жануарларды (а/ш жануарларын, иттер мен мысықтарды) электрондық бірдейлендіру. Рәсім жануардың терісінің астына бірегей жеке 15 таңбалы саннан тұратын микрочип салу имплантациясынан тұрады, ол жануардың бүкіл өмірінің ішінде онымен бірге болады.

 

Микрочип — биоүйлесімді әйнектен тұратын, үлкендігі күріштің дәніндей, ұзындығы бар болғаны 12 мм, диаметрі 2,1 мм және салмағы 0,6 г. мөлшеріндегі оқшау стерильді капсула. Капсуланың ішінде катушкадан және микросызбадан тұратын микрочиптің өзі орналасқан.

Капсулаға микрочипті орналастыру — жеңіл, тез және ең бастысы ауыртпай, жалпы наркоз қолданбай-ақ жүргізілетін рәсім, себебі микрочиптің мөлшері өте кішкентай және ол терінің астына жеңіл өтеді, алайда, жануарды чиптеуді кәсіби — ветеринариялық маманға жасату қажет.

Жануарды чиптеу кез келген жаста жүргізіледі, себебі жануардың жасының чиптің орналасуына әсері жоқ және оның ағзасына реакция бермейді.

 

Чиптеу не үшін қажет?

Чиптеу келесі жағдайларды қамтамасыз етеді:

— бір жануарды екінші жануармен ауыстыруға мүмкіндік бермейді;

— Құтыру ауруына қарсы вакцина егілмеген және басқа да жұқпалы ауруы бар жануарларды тасымалдауға жол бермейді;

— жануары жоғалған, ұрланған немесе аулауға түскен жағдайда, оны тауып алуға мүмкіндік береді;

— біреудің жануарын тапқан кезде, ветеринариялық мамандармен байланысып, иесін және оның мекенжайын анықтауға мүмкіндік береді;

— чиптеу қандай да бір жануардың иелерінің арасындағы даудың бұлтартпас дәлелі болып табылады.

08.07.2020
Қазақстанда 2019 жылы 10 млн.-ға жуық мал сырғаланған
   Осылайша, төлдерді сәйкестендіру үшін  қажет құлақ сырғалары 100 пайызға қамтамасыз етілді.

   Жергілікті атқарушы органдар тарапынан келіп түскен сұраныстарға сәйкес 2019 жылы ірі қара малдарды сырғаландыру үшін – 2, 8 млн дана, ұсақ мүйізді малдарға – 6,8 млн дана; шошқаға – 223, 5 мың дана, түйе малына – 44, 8 мың дана құлақ сырғалары берілді.

   Жалпы республика бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсандағы мәліметтерге сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректер қорында 7 696 606 бас ірі қара, 19 871 460 бас ұсақ мал, 716 070 бас шошқа, 2 708 609 бас жылқы, 214 434  бас түйе тіркелген. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі күні Қазақстанда 31 млн. астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар.

   Анықтама ретінде:  Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес — Ауыл шаруашылығы жануарлары міндетті түрде сәйкестендірілуі қажет. Жануарларды сәйкестендіру аясында жануарларға есептік нөмір және ветеринариялық төлқұжат беріледі. Сондай-ақ,  жайылатын жері, тұқымы, жасы, түсі, малдың иесі туралы мәліметтер есепке алудың арнайы дерекқорына енгізіледі.

   «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесі ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою және есептен шығару, алдын алу шараларды тіркеу, кепілдікті тіркеу және т.б. қызметтерді атқарады.  Ақпараттық жүйе нақты уақыт режимінде жұмыс істейді және енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар деректер сақталғаннан кейін бірден көрсетіледі.

   Кез келген азамат аталмыш жүйеден жануарлардың есепке қойылғаны немесе шығарылғаны туралы, жүргізілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар (вакцинация, диагностика) және т. б. ақпараттарды сұрау жолдау арқылы ала алады.
03.03.2020
Алматы қаласының Қалалық ветеринариялық қызметі 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді

Кәсіпорын басшысы Серік Жақсабаевтың айтуынша, өткен жылы қаңғыбас жануарларды аулауды ізгілендіру және ұстау бағытында үлкен жұмыстар атқарылды.

Талдауға сәйкес, қараусыз иттер мен мысықтардың «сапарлылығының» оң динамикасы байқалады.

2018 жылы бұрыңғы және жаңа иелеріне 2675 жануарлар қайтарылды. Осылайша, соңғы жылдары адопция пайызы 17% — ға дейін өсті. Бұған дейін бұл көрсеткіш 3 % — дан жоғары емес еді. Бүгінгі күні ерекше белгілері болған жағдайда: таңба, чип, қарғыба немесе иесінің бар – жоғының өзге де көрсеткіштері болса, жануарлар оқшаулағышта тиісті үш күндік мерзімнен артық ұсталады, бұрыңғы немесе шартты иелері болғанға дейін.

Өткен жылы иттер мен мысықтарды ұстауға арналған 150 жаңа итті ұстауға арналған тор қоршау сатып алынды, олардың бір бөлігі оқшаулағыш аумағында орнатылды. Оларда жануарларды бір-біріне қатысты мөлшері, жынысы және түйісуі бойынша орналастырады. Қосымша аулау процесінде зиян келтіруге мүмкіндік бермейтін жаңа гельді ілмектер және жануарларды ізгілікпен тасымалдау  үшін 82 торлар сатып алынды.

Сонымен қатар, иттер мен мысықтар үшін жануардың жасына және көлеміне байланысты бөлек тамақтану енгізілді, ал жарасы  болған жағдайда төрт аяқтыларға  алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Басшының айтуынша, жақын арадағы жоспарларда жануарлардың сау тұқымдарын жұқтырудан сақтану үшін түсетін кезде олардың жұқтырылуын анықтау үшін обаға 300 экспресс-тест сатып алу және сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен бірге жаңа изолятор сатып алып мәселесі талқылау үстінде болып тұр. Белгілі болғандай, инвесторлардың бірі МЖӘ шарттарында жаңа «жануарларға арналған орталық» жобасын ұсынды. Қазіргі уақытта құрылыстың барлық тетіктерін нақтылау үшін келіссөздер жүргізілуде.

29.04.2019
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2019 жылы импорттық ІҚМ 65 мың басын қаржыландырады

Етті мал басының санын арттыру және сапасын жақсарту үшін Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде фермерлік шаруашылықтарды дамыту және қаржылық қолдау жүзеге асырылып жатыр. Отбасы фермалары түрінде шағын шаруашылықтарды құру салалық бағдарламаның негізіне жатты, олар 100 басқа дейін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтардан, өнеркәсіптік мал жемдейтін орындардан және заманауи ет өндіретін кешендерден тұратын зәкірлі кооперация нысанында құрылатын болады.
АШТӨ-ін импорттық ІҚМ басын сатып алу үшін несиелендіруге бағытталған «Сыбаға» бағдарламасына қатысатын фермердің Аграрлық несие корпорациясы несие қаражаты есебінен өзінің жеке төлдейтін мал басын қалыптастыруға, сондай-ақ жоғары өнімді асыл тұқымды бұқаларды пайдаланып, төлдің өнімді көрсеткіштерін жақсартуға, жем-шөп, техника және құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымды қоршауға мүмкіндігі бар.
Бүгін фермерлік шаруашылықтар жеңіл шарттармен несиелендіріледі – несие мерзімі 15 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауды ескерумен 4%-дан бастап. Кепілзаттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар максималды жеңілдетілді – кепілзат ретінде қолда бар, сатып алынатын мал және фермерлердің өзге активтері қабылданады.
Импорттық малды алудың артықшылықтарын атап өткен жөн —  бұл фермерлерді жоғары генетикалық әлеуеті бар ІҚМ-мен қамтамасыз ету. Импорттық малдың төлін өсіргенде, қысқа мерзімде 550-600 кг. соңғы салмақты алуға мүмкіндік береді, ал жергілікті генетиканы пайдаланғанда, тек осының жарты салмағына ғана қол жеткізуге болады.
2018 жылы Аграрлық несие корпорациясы осы бағдарлама шеңберінде 19,1 млрд. теңге сомасына импорттық ІҚМ 30,1 мың басын сатып алу үшін 201 АШТӨ-ді несиелендірді, солардың ішінде елімізге ІҚМ 15,2 мың басы әкелінді және  2,3 мың басы жолда келе жатыр.      
2019 жылы «ҚазАгро» Холдингі импорттық ІҚМ басын сатып алуды қаржыландыру бойынша 100 мың бас индикативін белгіледі, солардың ішінде Корпорацияның үлесі 65 мың басты құрайды, бұл мақсаттарға 40,6 млрд. теңге бөлінді.
Өзінің ІҚМ басын кеңейтуге несие алуға ниет білдірген фермерлік шаруашылықтар жақын орналасқан Несие серіктестіктеріне, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалдарына, сондай-ақ Орталық аппараттың кеңсесіне жүгіне алады.

12.03.2019
2018 жылы Алматыда 2500-ден астам қаңғыбас иттер мен мысықтар өз иелерін тапты

Төрт аяқтыларды қала тұрғындары иттер мен мысықтарды уақытша ұстау изоляторынан алып кететін. Бұрын бұл жануарлар қала көшелерінде өмір сүрген.

Соңғы мәліметтер бойынша, жануарларды асырап алу саны өткен кезеңмен салыстырғанда 6 есе өсті. Осындай нәтижелерге волонтерлермен тығыз қарым-қатынаста жасау арқылы және жануарларыды асырап алу идеясын кеңінен тарату арқасында қол жеткізілді.

«Бүгінгі күні қаңғыбас жануарларды қабылдау пайызы шамамен 20% -ға дейін өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Мысалға, 2016 жылдың сол кезеңінде қаңғыбас иттердің асырап алу тіпті 3% -дан аспады », — деп хабарлады қаңғыбас жануарларды аулау бөлімінің басшысы Жандос Кенжеғалиев.

Сонымен қатар, Алматыда иттердің еркін серуендеуі ит иелерінің жауапкершілігі туралы мәселе өзекті болып қала береді. Жылдың басынан бастап 400-ден астам қашып кеткен немесе жоғалған жануарларды қалалық ветеринариялық қызметі өз иелеріне қайтарды. Кейбір жағдайларда төрт аяқты қашқындар изоляторға қайтып түсу жағдайлары тіркелген.

29.12.2018
Алматы қаласындағы ауыл шаруашылығы мен үй жануарларына жүргізілетін жыл сайынғы ветеринарлық тексеру.

1 ақпаннан бастап Қалалық ветеринарлық қызметі 2018 жылдың I тоқсанына арналған эпизоотияға қарсы іс-шаралардың басталғанын мәлімдеп отыр.

Ауыл шаруашылығы жануарларын (2,7 мың бас ірі қара, 1,5 мың бас ұсақ мал, 250 бас шошқа) аусылға қарсы, егу сондай-ақ туберкулезге аллергиялық реакция бойынша диагностикалық зерттеу (2,7 мың бас ірі қара, 17 бас түйе) басталады.

Иттерді және мысықтарды (45 мың бас) ет қоректілер эхинококкозына  қарсы өңдеу аясында дегельминтизация күтіп тұр. Сонымен қатар, биылғы жылы дегельминтизация тоқсан сайын жүргізіледі, бұл қаладағы иттер мен мысықтардың үлкен бөлігі қамтуға мүмкіндік береді.

Наурыз айында пастереллезге (2,7 мың бас) және  қарасанға қарсы (1 мың бас) ірі қара малға егу жұмыстары басталады, сол уақытта бруцеллезге (710 бас ірі қара, 379 бас ұсақ мал, 100 бас ет қоректілер), жұқпалы эпидидимитке (15 бас қошқар), ІҚМ лептоспирозға, листериозға (39 бас), ет қоректілер листериозға (20 бас), жануарлардың барлық түрлерін (20 бас)  токсоплазмозға қарсы диагностикалық зерттеулер жүргізілетін болады.

ШЖҚ «Қалалық ветеринария қызметі» КМК қала тұрғындарынан және мал иелерінен ауыл шаруашылық жануарларын бірегейлендіруді дер кезінде жүргізуін және алдын алу шараларын (вакцинациялауды және диагностикалық зерттеулерді) жүргізу кезінде ветеринариялық дәрігерлеріне жәрдемдесуін сұрайды. Барлық алдын алу іс-шаралары ТЕГІН жүргізіледі!

Естеріңізге саламыз, Кәсіпорын ауыл шаруашылық жануарларын бірегейлендіру, ветеринарлық анықтама беру, қолдан ұрықтандыру, биологиялық сынамаларды алу және зертханаға жеткізу, аса қауіпті және энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау,  мал қорымдарын ұстау бойынша қызмет көрсетеді.

Call-орталығы: 321-00-02 (ТӘУЛІК БОЙЫ)

Эпизоотияға қарсы іс-шаралар бойынша: 378-46-62

Ветеринарлық анықтама беру бойынша:  378-48-56, 391-46-74

Қабылдау бөлімі:  269-90-06

Барлық жаңалықтардан хабардар болғыңыз келсе, Қалалық ветеринарлық қызметі аккаунтына жазылыңыз!

Instagram: vca_gov

Web-page: vca.gov.kz

26.01.2018
Байланыстар
Біздің мекен-жайымыз:
РК, г.Алматы, Торетай 30А
Тел
8 (727) 339-68-36
E-mail:
gorvet_sluzhba@mail.ru
Сайт:
www.almatyvet.gov.kz