Телефон: 8 (727) 339-68-36

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес семинары

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес семинары

2024 жылғы 6 маусымда Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахметов Мамай Қаниұлының қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің әдеп қағидаттары: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиент бағдарлану туралы айтылды.

Сондай-ақ «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда мемлекеттік қызметшілер ұстануға тиіс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызмет, жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының бірлескен қызметіне жол бермеу, ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашу, иелену, қолма-қол ақша алу және құндылықтарды сақтауға жол бермеу баптары қаралған.

Студентке арналған мәлімет

2024 жылдың 22 сәуірінен бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, «Ветеринария» факультетінің, «Ветеринарлық медицина» мамандығының 4 және 5 курс студенттері Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринариялық қызметі» КМК өндірістік практикадан өтуде.

Вакцинация

Алматы қаласы бойынша 2024 жылдың IІ тоқсанына жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы мынадай профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған

  1. Алдын алу шаралары:

Ауылшаруашылығы жануарларын вакцинациялау:

  • ІҚМ аусылына қарсы 300 бас;
  • ҰММ аусылына қарсы 300 бас;
  • ІҚМ сібір жарасы ауруына қарсы 2000 бас;
  • ҰММ сібір жарасы ауруына қарсы 900 бас;
  • Жылқы сібір жарасы ауруына қарсы 1300 бас;
  • Шошқа сібір жарасы ауруына қарсы 180 бас;
  • Түйе сібір жарасы ауруына қарсы 14 бас;
  • ҰММ күл ауруына қарсы 1200 бас;
  • ІҚМ қарасан ауруына қарсы 1200 бас;
  • ІҚМ түйінді дерматит ауруына қарсы 2300 бас.

Үй жануарларын вакцинациялау:

  • құтыру ауруына қарсы 17 400, оның ішінде 12 900 ит пен 4 500 мысық.

Ауылшаруашылығы жануарларын аллергиялық зерттеу:

Жылқының маңқа ауруы 450 бас.

  1. Эхинококкоз ауруына қарсы гельминтсіздендіру:
  • 56 100 етқоректілер.
  1. Диагностикалық шаралар:
  • бруцеллез ауруына қарсы 1797 бас;
  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру:
  • ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінен өтініштер келіп түсуіне қарай.

                                       

Біздің серіктестер

Байланыстар
Біздің мекен-жайымыз:
РК, г.Алматы, Торетай 30А
Тел
8 (727) 339-68-36
E-mail:
gorvet_sluzhba@mail.ru
Сайт:
www.almatyvet.gov.kz