2018 жылы Алматыда 2500-ден астам қаңғыбас иттер мен мысықтар өз иелерін тапты
Төрт аяқтыларды қала тұрғындары иттер мен мысықтарды уақытша ұстау изоляторынан алып кететін. Бұрын бұл жануарлар қала көшелерінде өмір сүрген.
Соңғы мәліметтер бойынша, жануарларды асырап алу саны өткен кезеңмен салыстырғанда 6 есе өсті. Осындай нәтижелерге волонтерлермен тығыз қарым-қатынаста жасау арқылы және жануарларыды асырап алу идеясын кеңінен тарату арқасында қол жеткізілді.
«Бүгінгі күні қаңғыбас жануарларды қабылдау пайызы шамамен 20% -ға дейін өсті. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Мысалға, 2016 жылдың сол кезеңінде қаңғыбас иттердің асырап алу тіпті 3% -дан аспады », — деп хабарлады қаңғыбас жануарларды аулау бөлімінің басшысы Жандос Кенжеғалиев.
Сонымен қатар, Алматыда иттердің еркін серуендеуі ит иелерінің жауапкершілігі туралы мәселе өзекті болып қала береді. Жылдың басынан бастап 400-ден астам қашып кеткен немесе жоғалған жануарларды қалалық ветеринариялық қызметі өз иелеріне қайтарды. Кейбір жағдайларда төрт аяқты қашқындар изоляторға қайтып түсу жағдайлары тіркелген.