«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 11 бабына сай, Алматы қаласы әкімдігінің 09.12.2020 жылғы №4/560 қаулысына сәйкес құрылған. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Кәсіпорынның заңды мекен жайы: Төле Би көшесі, 155 үй.
Ауланған қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау пункітінің мекен жайы: Спасская 150/1.
Кәсіпорынның негізгі қызметтері:
- жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
- жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
- құрылысын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарды ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын) күтіп-ұстау;
- ветеринариялық анықтама беру;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
- ауру жануарларды санитариялық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
- қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
- биологиялық материалдың сынамасын жинау және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру.