«Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық ветеринарлық қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысы
Жунусов Марат Тоқтабайұлы 1968 жылы 1 қаңтарда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Подгорное (Қырғызсай) ауылында дүниеге келді.
1994 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтын ветеринарлық дәрігер мамандығы бойынша бітірді.
Мансап
Еңбек жолын Алматы қаласы «Қазбаскоопжабдықтау» автожөндеу заводында жұмысшы болып бастады.
1995-1996 жж. — «Отау» ЖК, ветеринарлық дәрігер;
1996-1998 жж. — Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты, ветеринарлық дәрігер;
1998-2002 жж. — «Қазақстан темір жолы» РМК Алматы жол бөлімшесі, жабдықтаушы-экспедитор;
2003-2005 жж. — Алматы қ. «Теміржолмүлік» еншілес МК, материалдық-техникалық қойма меңгерушісі;
2005-2007 жж. — Алматы қ. «Ерасыл» ЖШС, директор;
2008-2015 жж. — Алматы қ. «Теміржолмүлік» АҚ, вице-президент;
2015-2018 жж. — «Алматы қаласының ветеринария орталығы» ШЖҚ КМК, ветеринария бөлімінің басшысы;
2018-2021 жж. — «ПромСтройКирпич» ЖШС, директор;
2021-2022 жж. — «Алматы қаласының ветеринария орталығы» ШЖҚ КМК-ның ветеринария бөлімінің эпизотолог-дәрігері, ветеринария бөлімінің басшысы;
2022 -2023 жж. — «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК басшысының орынбасары, басшы м.а.;
2023 жылдың ақпан айынан бастап «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ШЖҚ «Қалалық ветеринарлық қызметі» КМК басшысы лауазымына тағайындалды.